{metadescription}
Белгілі айтыскер Жарқынбек Наушабеков қайтыс болды

Белгілі айтыскер Жарқынбек Наушабеков қайтыс болды

Белгілі ақын, Оңтүстік өңіріндегі айтыс өнерінің талантты өкілдерінің бірі Жарқынбек Наушабеков өмірден өтті.

Бұл туралы «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» РҚБ хабарлады. Aйтыскер кеше, 2 қазанда, 44 жасына қараған шағында өмірден озған. Жарқынбек Наушабековтың өліміне ауыр дерті себеп болыпты. Наушабеков Жарқынбек Абазбекұлы 1976 жылы 12 қаңтарда ОҚО (қазіргі Түркістан облысы) Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтты бітірген. Айтыс өнеріне мектеп жасынан араласқан.

Алғашқы ірі жеңісі 1992 жылы Шымкентте облыстық жас ақындар айтысының бас жүлдесін жеңіп алған. Республикалық, халықаралық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2008 жылдың қорытындысы бойынша «Оңтүстік Қазақстан облысының ең үздік айтыскер ақыны» номинациясын иеленген. «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен наградталған. Өмірінің соңғы кезеңдері Сарыағаш аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры қызметін атқарды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.