Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда өгей әкесі ұрып тастаған бала көз жұмды
Алматыда өгей әкесінен таяқ жеген бала есін жимастан ауруханада қайтыс болды.
10:41 03.10.2019
«2 жастағы бала жансақтау бөлімінде қайтыс болды, ол аса ауыр жарақат алуына байланысты осы бөлімге жатқызылған болатын», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.
23 қыркүйекте 16:00 шамасында Алатау ауданы полиция бөліміне қала ауруханаларының біріне ес-түссіз күйінде 2017 жылы туған бала түскен. Дәрігерлер баланың миында гематома бар, іші мен кеуде қуысы зақымданған, аяқ-қолдарының сау жері жоқ, көптеген жарақат алған деген диагноз қойды.
Осыған байланысты полиция ең алдымен баланың 34 жастағы өгей әкесінен сұрақ-жауап алған. Басында ол бала құлап қалды деген уәж айтты. Кейіннен тергеу барысында ұлды өгей әкесі ұрғаны анықталды. Анықталғанындай, баланың анасы ол кезде жұмыста болған. Жылаған баланы жұбата алмаған өгей әкесі оны ұрып-соққан.
«Қазір оқиға бойынша ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда отыр. Бұрын ол бірнеше рет ұрлық үшін қылмыстық жауапқа тартылған», - деді Ләйла Әліпбаева.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram