{metadescription}
0:000:00

Уәдесінде тұрмаған әкімді халық көлікке байлап, қала ішінде сүйреді

Мексиканың Чьяпас штатындағы Лас-Маргаритас тұрғындары қала басшысы Хорке Эскандонды жеңіл жүк көлігінің арқасына арқанмен байлап көшелермен сүйреген.

Жергілікті тұрғындар әкімшілік басшысы Хорхе Эскандонның жұмысына разы болмаған. Жол салып беремін деп уәде еткен шенеунік уәдесінде тұрмаған екен. Қала басшысы тұрғындардың өтінішін елемеген. Хорхе Эскандонды ұрлап әкетуге шамамен 50 адам қатысқан. Полиция 30 адамды қамауға алып, тағы 11 адам зардап шеккен.

Жергілікті тұрғындармен болған қақтығыстан соң Эскандон медициналық көмекке жүгінген, қазір оның өміріне қауіп жоқ. Ендігі шенеунік адам ұрлығы және өлтіруге оқталу туралы арыз түсірмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде