Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бокстан әлем чемпионы жол апатына ұшырап, жансақтау бөліміне түсті
WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі жеңілмеген әлем чемпионы, америкалық Эррол Спенс жол апатына ұшырап, ауыр жарақаттанған.
08:00 11.10.2019
Белгілі болғандай, Ferrari көлігін тізгіндеген боксшы қазанның 10-ына қараған түні Далласта жол апатына ұшыраған. Полиция мәліметінше, Спенстің көлігі апат кезінде кемінде 5 рет аударылған. Боксшы жоғары жылдамдықпен келе жатқан екен. Сонымен қатар ол қауіпсіздік белдігін тақпаған. Әзірге апат кезінде боксшының мас болған-болмағаны белгісіз.
Қазіргі уақытта Спенс қарқынды ота бөлімінде жатыр. Ол тірі. Алайда қандай жарақат алғаны әзірге хабарланбады. Спенс 28 қыркүйекте өткен соңғы жекпе-жегінде отандасы Шон Портерді жеңіп, оның WBC атағын иемденіп, IBF белбеуін қорғаған еді
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram