{metadescription}
Қазақстанда қанша қыз-келіншекке Ұлболсын есімі берілгені жарияланды

Қазақстанда қанша қыз-келіншекке Ұлболсын есімі берілгені жарияланды

Біріккен Ұлттар Ұйымының халық мәселелері жөніндегі қоры халықаралық қыздар күнінде "Қызболсын" деректі фильмінің тұсаукесерін өткізді.

Қазақстанда Ұлболсын есімді 75 400 қыз-келіншек бар. Бұл статистиканы халықаралық қыздар күнінде БҰҰ-ның халық мәселелері жөніндегі қоры (ЮНФПА) жариялады. Қазақ халқы Ұлболсын есімін қыздан кейінгілері ер бала болсын деп ырымдап қояды. Ұлболсын есімді әйелдердің жартысынан астамы (53,6%) ауылда туған болып шықты. Осыған ұқсас 294 есім бар екен, мысалы, Ұлжан, Ұлбала, Ұлту және тағы басқа.

"Қыздарға "Ұл" деген түбірі бар есімдер көбіне (69,6%) оңтүстік өңірлерде берілетіні анықталды. Жалпы, 75 400 әйелдің тек 203-іне ғана Ұлболсынға ұқсас есім қойылған", - деп хабарлады қор.  

Мамандардың айтуынша, соңғы отыз жылда қыздарға Ұлболсын есімін беру азайып келе жатыр. Мәселен, 1990 жылдан 1999 жылға дейін мұндай есім 13 803 қызға берілсе, 2010-2019 жылдары бұл сан 12 264-ке дейін кеміді.

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.