{metadescription}
Жапонияда тайфун дауылынан қаза болғандар саны 68 адамға жетті

Жапонияда тайфун дауылынан қаза болғандар саны 68 адамға жетті

Жапондық құтқарушылар Жапон түбегіндегі жойқын "Хагибис" тайфуны салдарынан әлі хабарсыз деп танылған оннан астам адамды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

Соңғы мәліметтер бойынша, қаза болғандар саны тұрақты түрде артып, 68 адамға жетті. Тайфун өзімен бірге қатты жел мен мол жаңбыр әкелді, бұл елдің басым көпшілігіне залал келтірді. Билік берген ақпаратқа сүйенсек, кем дегенде 15 адам із-түзсіз жоғалып жатыр. Жапония шығын көлемін анықтауға тырысуда. Инфрақұрылым министрлігі елдің 66 ауданындағы 47 өзен арнасына асып тасығанын хабарлады.

Шенеуніктердің айтуынша, келтірілген зиянның мөлшері белгісіз болып отыр, өйткені судың өте жоғары болуына байланысты көптеген аудандарға бару әлі де мүмкін емес. Соңғы онжылдықтардағы Жапонияда болған ең қуатты тайфун көптеген көшкіндерге, электр мен судың берілуіне кедергі келтірді.

Үкіметтің мәліметінше, Жапонияның 47 префектурасының 19-ында 146 жер көшкін тіркелді, тасқын сулардың салдарынан 10 мыңға жуық үй толығымен немесе жартылай қирады, алайда көптеген адамдар үйге орала бастады және  қоқысты өз бетінше тазалай бастады.

Үкімет инфекциялардан қорғайтын, бетперде мен қолғап киген және дезинфекциялық құралдарды қолданатын шаралар қабылдауға кеңес береді. Жапонияның теміржол желілерінің көпшілігі қайта іске қосылғанына қарамастан, теміржол желілерінің кейбір учаскелері жартылай жұмыс істейді немесе жабық күйінде қалады.

Еске сала кетейік, Хагибис дауылынан 36 адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.