{metadescription}
Ер адам енесіне аңдаусызда оқ атып, өлтіріп алды

Ер адам енесіне аңдаусызда оқ атып, өлтіріп алды

Украинаның Волынь облысының Хопнев аулында орманшы болып жұмыс істейтін ер адам пневматикалық қаруды тексеріп жатып, аңдаусызда енесіне оқ атып жіберді.

Салдарынан егде жастағы әйел көз жұмды. Көз жұмған әйелдің қызының сөзінше, оның күйеуі орманшы болып жұмыс істейді. Ер адам қаруды тексеріп отырып, оның көздегіші дұрыс тұрмағанын байқапты. Осыдан кейні ол қарудан атып көрмек болады.

Алайда оқ аңдаусызда 78 жастағы енесіне тиіп, салдарынан әйел көз жұмған. Белгілі болғандай, енесі қызының үйіне қонаққа келген. Жергілікті тұрғындар әйелдің өлімі абайсыздық салдарынан орын алды деп отыр. Ал ер адамның туыстары мен таныстары оны үлгілі отағасы деп атады.

«Полицейлер күйеуім анамды қасақана өлтірді деп отыр. Алайда бұл кездейсоқтық. Бұлай болады деп ешкім ойламаған еді», - дейді орманшының әйелі. 

Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп жатыр.  

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.