Автобус аударылып 24 адам қаза тапты
Конгода елдің батыс жағындағы Мбанза-Нгунгу қаласына таяу маңда болған автобус апатынан кем дегенде 24 адам қаза тапты, зардап шеккендер бар.
08:40 21.10.2019
Оқиғаны көргендердің айтуынша, автобус аударылып, өртеніп кеткен. Ішінде жуық тауарларын әкеле жатқан 100-ге саудагер болған. Олардың 24-і көз жұмды.
Көлік апатының неден болғаны әзірге белгісіз. Бірақ келеңсіз жағдайға куә болғандардың болжамынша, автобустың тежегіші істен шыққан. Зардап шеккендер қалалық ауруғанаға жеткізіліп, тиісті көмектер көрсетілді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!