Елордада ер адам әйелін атып өлтіріп, ұлын жарақаттады
Полицейлер өз отбасына оқ жаудырған Нұр-Сұлтан тұрғынын ұстады.
09:49 21.10.2019
«20 қазан күні сағат 22.19 шамасында Полиция департаментінің жедел басқарма орталығына 55 жастағы елорда тұрғыны мен оның 5 жастағы баласына оқ тигені туралы мәлімет келіп түсті», - делінген хабарламада.
Полицияның хабарлауынша, 59 жастағы ер адам мен әйелі бір алкогольді ішімдік ішіп, жанжалдасқан. Кейін ер адам суық қарумен 55 жастағы әйелі мен оның бірінші некесінен туған балаға оқ атқан. Әйел алған жарақатынан көз жұмды. Ал бала ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті қалалық уақытша оқшаулағышқа қамалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!