{metadescription}
Қарағандыда мас жүргізуші 5 көлікті соғып, ұйықтап қалған

Қарағандыда мас жүргізуші 5 көлікті соғып, ұйықтап қалған

20 қазанда сағат 20:57 шамасында 102 нөміріне  Степной 4 ықшам ауданында Land cruiser автокөлігінің жүргізушісі аулаға қойылған автокөліктерді соғып, өзі оқиға орынында ұйықтап қалған.

Бұл туралы Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінде хабарлады. Желіде оқиғаның видеосы тарады. Видео кадрларынан тәртіп сақшыларының жүргізушіден көліктен шығуын сұрағаны көрінеді. Алайда жүргізуші олардың талабын орындаудан бас тартты. Сол кезде полицейлер оны көліктен күштеп шығарып алып, полиция көлігіне алып барды.

"Полиция қызметкерлері 49 жастағы Lexus 570 автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде үйдің ауласында тұрған 5 көлікті соққанын
анықтады. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 25 жастағы ер адам мен 29 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды", - деді ведомствода.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде