{metadescription}
БҚО-да жоғалып кеткен ағайынды балалардың екіншісі де өлі табылды

БҚО-да жоғалып кеткен ағайынды балалардың екіншісі де өлі табылды

БҚО-да үйінің маңында ойнап жүріп жоғалып кеткен балалардың екеуі де өлі табылды.

Бүгін таңертең 5 жасар баланың денесі Орал өзенінен табылған еді. ТЖК-дағылар 2 жасар баланың да өлі табылғанын мәлімдеді. Төтенше жағдайлар комитетіндегілердің мәліметінше, 2 жасар баланың денесі бүгін сағат 16:50-де Орал өзенінен табылған. 

Еске сала кетсек, БҚО-да 24 қазан күні кешке 5 және 2 жасар балалар жоғалып кеткен еді. Олар үйінің маңында ойнап жүрген. Бүгін таңертең сағат 11-дің шамасында 5 жасар баланың денесі Орал өзенінен табылған еді. Балалар тұрған үй өзеннен бір шақырым жерде орналасқан.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.