{metadescription}
Тоқаев Алматыда жүр

Тоқаев Алматыда жүр

Президент жұмыс сапары барысында Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесу өткізіп, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне пәтер кілтін табыстайды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына екі күндік жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы "Жаңа Алматы" бағдарламасының тұсаукесерімен танысып, "Балалар үйінің" тәрбиеленушілеріне пәтер кілттерін табыс етеді, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли. Тоқаев Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысады деп жоспарланып отыр.

"Сонымен қатар, ол Tech Garden инновациялық кластерінің және инвестиция үйінің жұмысымен танысады", - дейді Уәли.

Бұдан бөлек, президент Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барып, онда оқу корпусы мен студенттерге қызмет көрсету орталығында болады. Мемлекет басшысы жұмыс сапарының екінші күні Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесу өткізеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.