Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Оқушыны сабаған милиция өкілі қызметінен алынды
Тәжікстанда сабақ кезінде 11 сынып оқушысын сабаған Исфара облыстық ішкі істер бөлімінің қызметкері қызметінен алынды.
10:44 01.11.2019
Милиция қызметкері тарабынан сабалған Акбар Довудовтың айтуынша, ол 16 қыркүйекте екінші сабаққа кешігіп келгені үшін таяқ жеген.
"Мен сыныпқа кірсем, Ахад Гайбуллозода атты милиция қызметкері отыр екен. Милиционерлер қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келіпті. Кешігу себебін сұрағанда, дәретханада болғанымды айттым. Ол ісіңді бітіруге бес минөт жетпейді ме деп кекетті. Жоқ деп жауап беріп едім, сабай бастады", - деді ол.
Осы оқиғадан кейін оқушының анасы Әлия Довудова жергілікті ішкі істер бөліміне арызданған.
"Екі күннен кейін балам басы ауыратынын айтып, шағымдана бастады. Дәрігерлерге көрсетіп, сосын бірден милицияға арыз жаздым. Гайбуллозоданың төрт баласы, қарт шешесі бар екен. Анасы маған телефон соғып, сотқа жеткізбеуін сұрады. Мен келістім. Оны жұмыстан шығарғаны өзіне сабақ болсын", - дейді жәбірленушінің анасы.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Серіктестер жаңалықтары