{metadescription}
Елімізде жемқорлық жайлаған оқу орындарының тізімі жасалды

Елімізде жемқорлық жайлаған оқу орындарының тізімі жасалды

Jas Otan сыбайлас жемқорлық бойынша көзге түскен жоғары оқу орындарының рейтингін жасады.

«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы болып, онда «Таза сессия» жалпыхалықтық акциясының аралық нәтижелері талқыланды. «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек акцияның қорытындылары туралы хабарлады.

Jas Otan белсенділері Қазақстанның барлық аймақтарындағы 15 мыңға жуық студент арасында анонимді сауалнама жүргізді. Студенттердің 12,8% жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық бар деп көрсеткен. Демек, сауалнамаға қатысқан әрбір 8 студент білім ордаларында сыбайлас жемқорлықтың бар екендігін растайды және әрбір 12 студенттің пара бергені айқындалды. Сондай-ақ6 университеттерде емтихан тапсырып, диссертация қорғағаннан кейін дастархан жаю және сыйлықтар беру т.б. "дәстүрге" айналған.

Сауалнама негізінде студенттер жемқорлық фактілері орын алады деп көрсеткен бес ЖОО рейтингі жасалды:

  1. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті; 
  2. Атырау мұнай газ университеті; 
  3. Қарағанды мемлекеттік медициналық университет;
  4. М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті;  
  5. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті. 

«Сауалнаманың нәтижесінде, студенттер оқу орындарындағы жемқорлықты тудыратын себептер ретінде мыналарды атады: профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысының төмендігі, студенттерде өз бетінше білім алуға деген қызығушылықтың болмауы, мұғалімдердің де, студенттердің де жүктемесінің көптігі, жатақханаларда орындардың болмауы», - деді Дәулет Кәрібек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.