Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жас жігіт 60 жастағы күзетшіні аяусыз соққыға жықты
Бішкекте 60 жастағы күзетшіні аяусыз соққыға жығып кетті.
13:42 01.11.2019
Оның айтуынша, оқиға 30 қазанға қараған түні Шыңғыс Айтматов даңғылы мен Масалиев көшесінің (Оңтүстік тасжолы) қиылысындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болған. Бақылау камерасы түсірген видеода жас жігіттің ер адамды ұрып-соғып, жерге құлатып, тепкілегені көрінеді. Кейін оларға үшінші адам жүгіріп келіп, бұзақыны алып кетпек болады.
Жәбірленушінің бауырының айтуынша, күзетші жастарға ескерту жасаған, олардың бірі тұраққа қойылған көлікке дәрет сындырған көрінеді. Ер адам полицияға шағымданып, тергеушіні күтіп отырғанын жеткізді. Бішкек ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметі ақпаратты растады. Құқық қорғау органдары күдіктілерді іздестіруде.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram