Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Дәрігерлер суық тигенде балмұздақ жеуге рұқсат берді
Суық тигенде балмұздақ жеу тіпті кей кездері пайдалы көрінеді.
14:39 01.11.2019
Мысалы, суық балмұздақ тамақ ауруына жағымды әсер етеді екен. Бұл туралы Ресей дәрігерлері мәлімдеді.
«Көптеген адамдар тамақ ауырғанда және жөтел кезінде балмұздақ жеуге болмайды деп сенеді. Керісінше, балмұздақ құнарлы өнім. Егер оны асықпай және аз-аздан қабылдау тамаққа жағымды әсер етеді», - деп бөлісті мамандар.
Сонымен қатар, дәрігерлер суық тиген жағдайда құрамында дәрумендері көп, әсіресе С витаминіне бай апельсин, лимон, итмұрын, қарақат пен шырғанақ қосылған сусындарды ішуге кеңес береді. Суық тиюді емдеуге балдың көмегі мол екендігі де ескерілді. Дегенмен, олар балды температурасы 40 градустан аспайтын сусындарға ғана қосуға кеңес береді, әйткенмен балдың пайдалы қасиеттері жоғалатынын ұмытпаған жөн.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram