Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбелік полицейлер талмасы ұстаған жүргізушінің өмірін сақтап қалды
Ақтөбе қаласының тұрғыны өз көлігінде талмасы ұстап, ешкімді көмекке шақырып үлгермеген.
17:41 01.11.2019
Оған көше қауіпсіздігін бақылап жүрген полиция қызметкерлері жәрдем берді. Облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция қызметі қаладағы Сәңкібай батыр көшесінде «Нива» көлігінің бұрылыста тұрғанын көрді.
«Көлікке жақын келіп, қарағанда жүргізушінің бет әлпеті көгеріп кеткенін, талма ауруы ұстағанын біледі. Сөйтіп қолда бар кілтті алып, қарысып қалған жағын ашып, тілін басады. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң жедел жәрдем де жетті. Есін жиған жүргізуші вахталық әдіспен жұмыс істеп, шаршап келе жатқанын айтты. Полиция қызметкерлері жүргізушіні медицина қызметкерлеріне тапсырып, көлікті автотұраққа қою үшін оның достарына берді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Полиция департаменті жүргізушіге көмек көрсеткен екі полиция қызметкерінің аты-жөнін жасырын ұстауды жөн көріп отыр. Себебі екеуі де жедел жасақтың қызметкері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram