{metadescription}
Ақмолада ер адам танысын буындырып өлтірді

Ақмолада ер адам танысын буындырып өлтірді

Ақмола облысында танысын буындырып өлтірген 49 жастағы ер адам 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты.

Аталмыш соттың үкімінде көрсетілгендей, Ерейментау қаласының көлік сатып алған ағайынды екі тұрғыны танысымен қосылып арақ ішеді. Кейін ағайындылардың бірі мен танысының арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласады. Осының салдарынан 49 жастағы ер адам танысын көліктін қауіпсіздік белдігімен буындырып өлтіріп, Ерейментау қаласының маңындағы көпірдің үстінен лақтырып жебереді.

«Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ер адам ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сотталушы марқұмның отбасына 780 000 теңге көлемінде материалдық және 1 млн теңге моралдық шығынды өтеуге міндеттелді. Сот үкімі күшіне енген жоқ», - дейді ведомстводан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.