Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстандық тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді
27 жастағы Тәжібай бір жыл бойы рингке шықпаған болатын.
16:30 03.11.2019
Оксон-Хилдегі (Мэрилэнд штаты, АҚШ) MGM National Harbor аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Шыңғысхан Тәжібай (8-0, 2 КО) аргентиналық Николас Веласкеспен (11-7, 3 КО) жекпе-жек өткізді. 27 жастағы жігіт бір жыл бойы рингке шықпаған болатын. Төрт раундтық жекпе-жекте ол төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Қазақстандық боксшы осымен тоғызыншы мәрте жеңіп отыр, ал Веласкес сегізінші рет жеңілді. Шыңғысхан соңғы рет 2018 жылдың 27 қазанында жекпе-жек өткізген. Сол кезде америкалық Хуан Родригесті (8-16-1, 6 КО) ұпай санымен жеңген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram