{metadescription}
Нижат Рахимов халықаралық турнирде алтын медаль алды

Нижат Рахимов халықаралық турнирде алтын медаль алды

Беларусьте өтіп жатқан «Alexander Cup» халықаралық турнирінде Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов «алтын» алды.

Беларусь Республикасының Гродно қаласында 1-5 қараша аралығында өтіп жатқан жарыс 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу шарасы саналады. Оған 300-ге жуық спортшы қатысуда.

Турнирде Ниджат Рахимов 81 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Қос сайыс нәтижесінде ол 344 келіні (151+193) бағындырды. Қазақстан құрамасынан сынға түскен тағы бір ауыр атлет Денис Уланов берілген мүмкіндікті пайдалана алмай, жарысты сәтсіз аяқтады. Бұған дейін 55 келідегі Зүлфия Чиншанло қола жүлде жеңіп алған болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.