{metadescription}
БҚО-да жол апатынан 3 адам мерт болды

БҚО-да жол апатынан 3 адам мерт болды

Атырау-Орал тас жолында болған көлік апатында Ақжайық аудандағы полиция бөлімінің басшысы қаза болды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 2 қараша күні сағат 20.30-да Орал-Атырау жолының 264-шақырымында болды. Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 36 жастағы Volkswagen Sharan көлігінің алдыңғы дөңгелегі жарылып, жүргізушісі жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кеткенін айтты. «Фольксваген Шаран» автокөлігі «Мерседес Фура» жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысты.

Соның салдарынан «Фольксваген Шаран» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы (бәрі де – ер адамдар) оқиға орнында көз жұмды. Соның бірі 30 жасар полиция қызметкері, полиция майоры Айболат Нұрлыбеков еді.

Ол полиция органдарында 2006 жылдан бері қызмет атқарды. Биылғы 29 тамызда Тайпақ полиция бөлімінің бастығы міндетін атқарушы болып тағайындалған еді. Марқұмның соңында жары, 9 және 3 жасар екі ұлы қалды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігіне («көлiкті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану ережесін бұзуы») сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.