Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шымкентте бір отбасы уланып, екі бүлдіршін көз жұмды
Бүтін бір отбасы мүшелері тағамнан уланып, екі бірдей бүлдіршін қайтыс болды.
09:14 04.11.2019
Әкесінің айтуынша, 3 қараша күні таңғы 4:40 шамасында жедел жәрдем қызметі келген. "Тамақтан улану" диагнозын қойып, ем тағайындаған. Жағдайлары нашарлай бастаған соң тағы да жедел жәрдем қызметін шақырған. Ақ халаттылар анасы мен үш баласын қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізген.
"Сағат 11-00-де жұқпалы аурулар ауруханасында 2015 жылғы бала қайтыс болды. Кейін сағат 14-00-де токсикология бөлімінде 2018 жылы туған бала көз жұмды. Өлімнің себебі анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды" -деп мәлімдеді Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Анасы мен қызы қазір Шымкент қалалық гипербариялық оксинациялық орталығында ем қабылдап жатыр. Бас дәрігер Мадина Сейфоллақызының айтуынша, қазір жағдайлары қалыпты. Науқастардың дәл неден уланғаны әзірге анықталмаған көрінеді. Әкелері үй маңындағы дүкеннен полуфабрикат дайын тұшпара алып жегендерін айтқан. Содан кейін отбасы мүшелерінде құсу, іш ауырсыну басталған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram