Канело Ковалевтен тартып алған чемпиондық белбеуінен бас тартпақ
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес ресейлік Сергей Ковалевтан тартып алған WBO чемпиондық белбеуінен бас тартпақ.
12:11 04.11.2019
Төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Сауль Альварес орта салмаққа қайта оралып, ресейлік боксшы Сергей Ковалевпен жекпе-жекте жеңіп алған жартылай ауыр салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартады. Бұл туралы мексикалықтың командасының өкілдері мәлімдеген.
«Сауль орта салмаққа оралады», - дейді «Канелоның» командасы.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Сауль Канело Альварес 36 жастағы ресейлік Сергей Krusher Ковалевті нокаутқа жіберіп, WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы белдігін тартып алды. Нәтижесінде мексикалық боксшы төртінші салмақ санатында әлем чемпионы атанды. Ковалев үшін бұл жекпе-жек кәсіби карьерасындағы төртінші жеңіліс болды. Жекпе-жек 11 раундта аяқталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары