Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанай облысында трактор мен автобус соқтығысып, екі адам мерт болды
Қостанай облысында автобус пен трактор соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті,.
13:19 04.11.2019
Облыстық полиция департаменті баспасөз хатшысы Ирина Беженарьдің айтуынша, жол апаты «Рудный-Қашар» тасжолында болған. Жұмыскерлер алып келе жатқан ауысымдық автобус трактормен соқтығысты. Екі адам көз жұмды, тағы бірнеше адам ауыр дене жарақатын алды.
Рудный қалалық аурухананың бас дәрігері Талғат Қайкенов медициналық көмекке 14 адам жүгінгенін айтты, олардың екеуінің жағдайы ауыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Еске салайық, Атырау-Орал тас жолында болған көлік апатында Ақжайық аудандағы полиция бөлімінің басшысы қаза болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram