{metadescription}
Семейде Мәншүк Мәметованың ескерткіші елдің ашуына тиді

Семейде Мәншүк Мәметованың ескерткіші елдің ашуына тиді

Әлеуметтік желіде Семей қаласында Мәншүк Мәметоваға арнап қойылған ескерткіштің суреті тарады.

Жеңіс саябағында тұрған Мәншүк Мәметованың ағаштан жасалған мүсіні қоғам наразылығын тудырды.  Әлеуметтік желіде бұл туындыға қатысты «Ұсқынсыз мүсін», «Көркемөнер кеңесі қайда қарап отыр?», «Мынаны қоюға кім рұқсат берген?», «Мәншүк Мәметова суреттерде, кинда өте сұлу етіп көрсетілген, ал мынау не?», «Мазақ қылғандай, ағаштан жасап қойыпты» деген пікірлер айтылуда. Осы жағдайға байланысты Семей қалалық әкімдігіне жауап берді.

«Ағаш мүсін саябаққа сенбі күні, яғни 2 қараша күні қойылды. Ол қала тұрғындарының да, әкімдіктің де көңілінен шыққан жоқ, сол себепті оны орнынан алып тастадық», - дейді Семей қаласының Ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов.

Оның айтуынша, сол саябақтағы кесілуі керек ағашты түбімен алып тастамай, мүсін жасау туралы идея пайда болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде