{metadescription}
Әйел қолын мысық тырнап алғаннан кейін кoмаға түсіп қалды

Әйел қолын мысық тырнап алғаннан кейін кoмаға түсіп қалды

Англияның Бристоль қаласының тұрғыны Ширли Хэйр өзін мысық тырнап алғаннан кейін өліп қала жаздады.

Ол комадан бір-ақ шыққан. Әйел бақшада жұмыс істеп жүргенде Чан атты мысық оны білегін тырнап алыпты. Салдарынан әйелдің организміне бактериялық инфекция түскен. Артынша білегіндегі жара қызарып кетіп, 65 жастағы әйел өзін нашар сезініпті. Оның басы айналып, тамаққа тәбеті тартпай, бұлшықеттері ауырған. Арада бірнеше күн өткеннен кейін мысық тырнаған қолы қарая бастайды.

Мұнан кейін Ширли ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер оған сепсис, сепсистік шок, ішкі ағзаларының жұмысының нашарлауы, пневмония және некрозды фасциит (Streptococcus pyogenes немесе Clostridium perfringens бактериялары тудыратын инфекция) деген диагноз қойды. Ақ халаттыларға әйелді аман алып қалу үшін 5 күнге жасанды комаға түсіріп, зақымдалған қолының беткі қабатының бір бөлігін кесіп тастауға тура келіпті. Өз сөзінде әйел Чан атты мысығын он айлық кезінде сатып алғанын айтты.

«Ол ешқашан мейірімді болған емес. Кез келген ыңғайлы жағдайда маған тап беретін», - дейді зейнеткер. 

Ширли ауруханадан шыққаннан кейін мысығын қыздарының біріне беріпті.

«Болған жағдайдан кейін оны көргім де келмейді», - дейді ол.

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.