{metadescription}
Қарағандыда «Древний Римдегі» кісі өлімі бойынша сот үкімі шықты

Қарағандыда «Древний Римдегі» кісі өлімі бойынша сот үкімі шықты

Қарағанды қаласында 4 қарашада жаңа жыл түні «Древний Рим» мейрамханасындағы төбелес бойынша сот үкімі шықты.

Осы төбелесте 23 жастағы жергілікті тұрғын Рахымжан Жансейіт қаза болған еді. Сот Юсуф Нурулуды адам өлтіргені және қару қолдану арқылы бұзақылық жасады деген айып бойынша кінәлі деп тауып, 19 жылға бас бостандығынан айырды. 

Ол қауіпсіздігі максимал қылмыстық атқару жүйесінде жазасын өтейтін болады. Жәбірленуші тараппен мәмілеге келу барысында және материалдық өтемақы төлеген екі күдікті - Сохак Малхасян мен Армен Хачатрянды сот қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Тағы алты сотталушы Торгома Малхасяна, Хачатура Оганнисяна, Жасура Пирова, Каира Надырбекова, Давида Галкина және Васифа Нурулу сот 4 жылдан 6 жылға жейін бас бостандығын шектеді. 

Сотталушы Илья Щурок, Тигран Степанян, Арман Оганнисян және Болат Жұмамұратов сот үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар қауіпсіздігі орта қылмыстық атқару жүйесінде жазасын өтейтін болады. Барлық сотталушылар жазасын өтеп болған соң Қазақстан аумағынан шығарылып, бес жыл кіруіне тыйым салынады. 

Еске салайық, 1 қаңтарда Қарағандыда «Древний Римдегі» мейрамханасының жанында жаппай төбелес салдарынан 23 жастағы жігіт қаза тапты. Тағы үш адам ауруханаға пышақ жарақатымен түсті. Тергеу органдарының болжамы бойынша, мейрамхана келушілері, мейрамхана иелері мен қызметшілері төбелескен. Юсуф Нурула Рахымжан Жансейтке бірнеше рет пышақ ұрған.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.