Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Күйеуімен ажырасқан әйел 61 жасында тұңғышын босанды
Бразилияның Лондрина қаласында 61 жастағы әйел экстракорпоральді ұрықтандырудың (ЭКО) көмегімен тұңғышын дүниеге әкелді.
18:32 04.11.2019
Ана Мария Понтело Морейра кесір тілігінің көмегімен Ян есімді ұлын өмірге әкелді. Жаңа туған нәрестенің салмағы 3,4 келі болған.
«Менің оқиғам адамдарға шабыт береді деп үміттенемін. Егде жастағы әйелдердің кейбірі сәбилі болғысы келетінін, алайда қорқатынын білемін. Мен өз арманымды орындадым», - дейді кейуана.
Морейра 2014 жылы күйеуімен ажырасып кеткен. Ол күйеуімен ажырасқанға дейін бала асырап алу үшін кезекте тұрғанын айтады.
«Күйеуім болмағандықтан, жасанды ұрықтандыру процедурасын жасатуды ұйғардым. Жүктілігім жақсы өтті. Тек омыртқамның ауырғаны болмаса. Алайда ортопед мен физиотерапевтен ем алып, сонымен қатар пилатеспен айналыстым», - дейді жас босанған әйел.
ЭКО кезінде әйелдің талдау нәтижелеріне сәйкес келген донорлық аналық жасуша мен аталық ұрық қолданылыпты.
«Ем-дом кезінде гормондарды қабылдауыма туралы келді. Емге аз ақша кеткен жоқ. Сондай-ақ маған сенбегендер де болды. Бірақ қазір мен өте бақыттымын», - дейді ол.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram