{metadescription}
Алматы облысында ер адам туысын атып өлтірді

Алматы облысында ер адам туысын атып өлтірді

Алматы облысында өзінің туысын өлтірді деген күдікпен 36 жастағы тұрғын ұсталды.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қарашаның 2-і күні Еңбекшіқазақ ауданының Бөлек ауылындағы жер үйлердің бірінен 41 жастағы ер адамның мүрдесі табылған. Тексеру барысында, жәбірленуші басына тиген бытыра оғынан қаза тапқаны белгілі болды.

Күдікті Бөлек ауылының тұрғыны, мерт болған адамның туысы болып шықты. Ер адамды бірнеше сағаттың ішінде ұстады.

Тергеуге аяғақ зат ретінде еш жерде тіркелмеген 16 калибрлы шолақ аңшы мылтығы тәркіленді. Қаруды күдікті заңсыз сақтаған. Ұсталған адам екеуінің қызғаныш үшін жанжалдасқанын айтты. Күдікті уақытша оқшау изольяторына тоғытылды. ҚР Қылмысты кодексінің 99-бабы, яғни "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.