Қазақстандық жігіттің Ресейде сатушыны тонағаны видеоға түсіп қалды
Қазақстанның жас азаматы қызметкерлерді травматикалық тапаншамен қорқытып, "микрокредит" алуды әдетке айналдырған.
00:50 05.11.2019
Ресейдің Челябинск қаласында микрокредиттік ұйымдар мен дүкендерді тонауды кәсіпке айналдырып алған жігіт ұсталды. 22 жастағы қазақстандық қызметкерлерге травматикалық тапанша кезеніп, "қарыз" бере тұруын сұраған. Сонымен бірге қарудан қорқып, күйзеліске түскендер болса, олармен сыр айтысып, жұбатқан, деп жазды Mash Telegram арнасы.
Ол жағдайын сұрастырып, проблемаларын тыңдап, кеңестер берген. Дегенмен жас жігіт азық-түлік дүкендерінің бірінде сатушымен сөйлесіп тұрған жерінен полицияның қолына түсті.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!