Көкшетауда 31 жастағы ер адам құдыққа құлап мерт болды
1988 жылы туған ер адам жергілікті ЖШС-нің бірінде сығымдау цехында слесарь болып жұмыс істеген.
09:38 05.11.2019
Түрік жігітімен 200 лира үшін жыныстық қатынасқа түскен бойжеткен қайтыс болды. Көкшетауда 31 жастағы ер адам жұмыс орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, 1988 жылы туған ер адам жергілікті ЖШС-нің бірінде сығымдау цехында слесарь болып жұмыс істеген. Ол серіктестік аумағын аралап жүргенде рапс күнжарасын өткізуге арналған тереңдігі 2,5 метр шұңқырға құлап кетіп, сол жерде көз жұмды, деп жазады sn.kz.
«Қазіргі кезде осы оқиға қатысты ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі (еңбекті қорғау ережесінің бұзылуы) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!