Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбе облысында балық қырылып жатыр
Балық қырылған Атжақсы өзені Жаңажол мұнай кенішіне жақын маңда орналасқан.
10:39 05.11.2019
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылы маңындағы Атжақсы өзенінде балық қырылып жатыр. Бұл туралы Азаттыққа оқиға орнынан түсірілген видеоны жолдап, аты-жөнін атамауды өтінген балықшы айтты. Балық қырылған Атжақсы өзені Жаңажол мұнай кенішіне жақын маңда орналасқан.
Жем өзенінің Атжақсы саласында балық қырылып жатқанын Мұғалжар ауданының әкімі Асқар Шериязданов та растады. Шерияздановтың сөзінше, балық қырылып жатқаны жайлы хабар әкімдікке 3 қараша күні кешкілік жеткен.
"Балық Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылынан 42 шақырым жерде қырылған. Бұл – Атжақсы өзенінің Жемге құятын тұсы. 4 қараша күні оқиға орнына Ақтөбе облыстық экология департаменті мен облыстық орман, аңшылық басқармасының өкілдері келді. Қазір олар өзен суын тексеріп жатыр", - деді Азаттыққа Мұғалжар ауданының әкімі Асқар Шериязданов.
Ақтөбе облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Ерболат Қожықовтың сөзінше, балықтың неден қырылғанын анықтау үшін кем дегенде бес тәулік қажет. Табиғатқа келген шығын мөлшері де сол кезде белгілі болады, деп жазады sn.kz. Қазір өзен маңында бірнеше басқарманың маманы мен зерттеу лабораториясы жұмыс істеп жатыр. Олар алдын-ала зерттеу қорытындысын экология департаментіне 4 қараша күні түстен кейін телефонмен хабарлаған.
Ақтөбе облыстық экология департаменті "өзенге Жаңажол мұнай кенішінен өндіріс қалдығы төгілмеген" деп санайды. Мұғалжарда жүрген мамандар балық қырылуының алдын-ала себебі деп қуаңшылықты атаған.
"Биылғы қуаңшылықтан өзеннің табанында қалған су борсып, құрамында аммиак көбейіп кеткен. Өзен суында кислород аз. Балық содан қырылған болуы мүмкін", - дейді Ерболат Қожықов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram