{metadescription}
Балконы қисайған үйге қала әкімдігі 23 миллион теңге құртпақшы

Балконы қисайған үйге қала әкімдігі 23 миллион теңге құртпақшы

Нұр-Сұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқарма басшысының орынбасары Дәулет Досқұлов жақында балкондарының бірі қисайып, ғимарат сырты шытынап кеткен «Орбита» тұрғын үй кешенінде жүргізіліп жатқан тексеріс барысымен таныстырды. 

«Алматы ауданының әкімдігі үйдің техникалық тексеріліміне тапсырыс берді. Тексерістің нәтижесі осы аптада дайын болады. Ол бойынша ғимараттың барлық кемшіліктері анықталып, оларды түзету үшін қандай шаралар қажет екендігін көрсетеді», - деп мәлімдеді басқарма орынбасары. 

Қала әкімшілігі тексерістің жүргізілуіне және жобаның техникалық құжаттамасына арнап төтенше қордан 23  миллион теңге (59 мың доллардан астам) ақша  бөлген.  

«Бірінші кезекте техникалық тексеріс тұр. Ол біткен соң жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) толтырылатын болады. Құжаттама, өз кезегінде, міндетті түрде мемлекеттік экспертизадан өтетін болады. Бұл құжаттарсыз алдын-ала бірнарсені кесіп айту мүмкін емес», - деді Досқұлов.

ЖСҚ 1,5-2 айдың ішінде жасалады деп уәде берілді, деп жазады stan.kz

«Бұл нысан Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігінің жіті қадағалауында. Бүгінгі таңда жалпы құрылыс жұмыстары бітіп, 6 жыл бұрын тұрғындардың бұл үйге көшіп кіруіне рұқсат етілген. Алайда, үйдің қолданысқа берілуі заңсыз жолмен іске асырылғаны анықталып отыр, нысан экплуатацияға берілмеген. Алдағы уақытта қала әкімдігі бұл жағдайларды түзету жұмыстарымен айналысатын болады», - деді Дәулет Досқұлов. 

Оның айтуынша тұрғындардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Мәселе болып отырған ғимараттың сыртындағы тақтайшалар. Олар босап, түсіп жатқан көрінеді. Тұрғын үй кешенін өздігінен мәселесі көп нысандардың бірі деп айтуға болады. Кешеннің құрылысымен айналысқан "Tamiz Invest Group" ұйымы 2012 жылы тұрғындарға заңсыз үй үйлестіріп бере салған. Кейіннен ұйым басшылығы 11 жылға сотталған. Дәулет Досқұловтың айтуынша, бұл мекеменің Нұр-Сұлтанда заңсыз салынған 5 тұрғын үй нысаны бар екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде