Тиісті жалақысын ала алмай жүрген жұмысшылар мұнарадан секірмек болды
Жеті сағаттық келіссөзден соң, бас мердігер жалақыларының бір бөлігін беруге келісті.
15:12 05.11.2019
Жамбыл облысында еңбек ақысын ала алмаған жұмысшылар су мұнарасының ұшар басына шығып алды. Олар бас мердігер маңдай тер ақымызды бермесе, биіктен құлаймыз деп мәлімдеді. Құрылысшылардың айтуынша, олар бірнеше рет жұмыс беруші тарапқа айлықтарын беруді сұраған. Бірақ, жұмыс басшылығы уақыт созып келе, артынша ақшанs әлі бермейтіндігін айтқан. Шыдамы таусылған жұмысшылар өзімізге қол жұмсаймыз деп қорқытудан басқа амалымыз қалмады дейді.
Жаяу жүргіншілерге арналған жол салу үшін 5 адам жұмыс берушімен келісімге келген екен. Олар атқаратын жұмыс 2 млн теңгеге жуық бағаланады. Жұмысшылардың айтуынша, жолды асфальттау ғана қалған кезде жұмыс беруші тарап істелінген жұмыс үшін ақша төлеуден бас тартқан. Басшылық атқарылған жұмыстың сапасыздығын алға тартқан. Ақшаларын ала алмай ығыры шыққан жұмыскерлер мұны естіген соң, биік су бағанының үстінен шығып алып, «ақша бермесеңіздер секіріп өлеміз» деп қорқытып, ақша алған.
«Олар ақшаны заңсыз, бопсалау арқылы алды. Біз оларға комиссия жасаған ескертулерді айттық, олар мұнымен келіспеді. Олар жұмыс істеді, бірақ дұрыс емес. Техникалық бақылау оларыдың жұмысын қабылдамады», - деді басшылардың бірі Жұмағұл Байменов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!