Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанайда мұғалім сабақ үстінде оқушыны ұрған
Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сабақ үстінде оқушыны ұрған мұғалімге қатысты сот үкімі шықты.
15:41 05.11.2019
Облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, А. есімді мұғалім сабақ үстінде оқушыға жұдырық жұмсаған.
«Бастапқыда мұғалім кінәсін мойындамаған. Бірақ, сот отырысы барысында оның кінәсі куәгерлердің айғағымен расталды», - дейді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.
Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен мұғалім ҚР ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 10 АЕК (25250 теңге) көлемінде айыппұл өтейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram