{metadescription}
100 кг салмаққа ие ару камера алдында тамақ жеу үшін жұмысынан шығып кеткен

100 кг салмаққа ие ару камера алдында тамақ жеу үшін жұмысынан шығып кеткен

Лондон қаласының Чарна Роули атты тұрғыны өзінің YouTube каналына күнделікті тамақ ішіп отырған видеосын жүктеп тұру үшін жұмысынан бас тартқан.

22 жастағы Ұлыбритания тұрғыны желідегі каналын монетизациялап, өзінің қомағайлығымен ақша таппақ. Ол бір рет ас қабылдағанда 5,5 мың жуық калориялы тамақты жей алады екен, алдағы уақытта оның бұл санды 10 мыңға дейін жеткізбек ойы бар. Роули камера алдына отырып алып, әйгілі McDonald's фаст-фудын, сырттан тапсырыспен алғызатын тағамдар мен қытайлық асты жейтін көрінеді.

Қомағай арудың салмағы 101,6 килограмды құрайды. Тым семіріп кетпеу үшін ол аптасына төрт рет жаттығу залына барып тұрады. Қыздың айтуынша, оның тамақ ішіп отырған эфирін 40 мыңнан астам тамашалайтын көрінеді, оның ішінде қызды тым семіз деп кемсітетіндері де баршылық. Сөзінше, ол мұндай сөздерге қамықпайды. 

Камера алдында тамақ жеу үшін жұмысын тастаған қыздың анасы оның бұл қызығушылығын құптайтынын жеткізді. Анасы осы уақытқа дейін қызына түсіністікпен қарап, үйіне жиі әкелінетін тамақтарға үйреніп кеткен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде