{metadescription}
Қостанай облысында мас адам мінген көлік көпірден құлап кетті

Қостанай облысында мас адам мінген көлік көпірден құлап кетті

Қостанай облысында мас адам мінген «УАЗ» көлігі көпірден құлап кетті.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Денисовка-Антоновка тасжолында болған.

««УАЗ» көлігіне мінген 57 жастағы ер адам рөлге ие бола алмай көпірден құлап кеткен. Тергеу барысында оның алкоголь ішкені расталды. Көлік ішінде тағы бір адам болған», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазір көлік жүргізушісі мен жолаушы Денисов аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Тергеп-тексеру шаралары жалғасуда.

Дереккөз: ҚазАқпарат


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде