{metadescription}
Шекара бекетіне белгісіз біреулер шабуыл жасап, 17 адам көз жұмды

Шекара бекетіне белгісіз біреулер шабуыл жасап, 17 адам көз жұмды

Тәжікстан-Өзбекстан шекарасында 20 адамнан тұратын қарулы топ «Ишкобод» шекара бекетіне шабуыл жасады.

Олардың 15-інің көзі жойылып, бесеуі ұсталып, операция барысында Тәжікстан тарапының екі әскери қызметкері көз жұмды. Бұл туралы Тәжікстанның ҰҚМК шекара әскері басқармасының баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді. 

«Түнде 20 адамнан құралған қарулы топ атыс қаруын қолдану арқылы Өзбекстанмен шекарада орналасқан «Сұлтанабад» шекара отрядының № 4 «Ишкобод» әскери бөлімінің шекара бекетіне шабуыл жасаған. Олар бетіне маска киген», - дейді агенттікке сұхбат беруші. 

Оның сөзінше, белгісіз біреулер шабуыл барысында 5 автоматты алып алған. 

«Күштік құрылымдар жүргізген операция барысында қаруланған қылмыстық топтың 15 мүшесінің көзі жойылды. Олардың бесеуі тұтқындалды. Қарулы атыс кезінде шекара әскерінің сарбазы мен бір милиционер көз жұмды», - дейді ҰҚМК-ның баспасөз қызметіндегілер. 

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы құрылып, тергеу жүргізілуде.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде