17 жыл сөйлемеген жігіт сұрақ қойып, танымал болды
Америкалық әйел Керри Блох пен оның аутизммен ауыратын ұлының оқиғасы көп адамның көңілін босатты.
13:36 08.11.2019
Керри Twitter-ге 21 жастағы ұлының суретін жариялады. Ол көп жылдан бері сөйлемейді, бірақ таяуда тілге келген.
"Аутизммен ауыратын 21 жастағы ұлым сөйлеп үйренбеген. Бүгін ол маған алғашқы сұрағын қойды: "Мен біреуге ұнауым мүмкін бе?", - деп жазды әйел.
Керри оны 40 жасында туған. Төрт жасында Дэвидтің аутизммен ауыратыны анықталды, осы кезден ол сөйлеуді қойған. Кейін баланың иммунитеті нашарлап, ол үйде оқитын болды.
Дэвидтің анасы оның жалғызсырап, достары жоқ екеніне қатты алаңдап жүрген. Бірақ әйелдің әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар хат жазып, жігітке қолдау көрсетіп, сыйлықтар жіберіп жатыр.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!