{metadescription}
8 жасар ұлы анасының өмірін аман алып қалды

8 жасар ұлы анасының өмірін аман алып қалды

8 жасар Харлы Фокс есімді Британия тұрғыны есінен танып қалған анасына алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақыртқан.

27 жастағы Джорджия Пакеринг таңертең болған өкпе демікпесіне мән бермей ваннаға түсіп алуды жөн көрген. Кенеттен ол есінен танып, жуынатын бөлмеде құлап қалады. Оның ұлы Харли жедел жәрдемге қоңырау шалып, құтқарушылардың көмегімен анасына алғашқы көмек көрсеткен. Содан соң ол анасының құлағанын естіп, оянып кеткен інісі мен қарындасын тыныштандырып, жәрдем келгенше оларды жұбатып отырған. 

Ақылды бала құтқарушыларға анасының телефонын ашуға көмектесіп, әкесіне қоңырау шалған. Ауруханада оның өкпенің жұқпалы ауруына тап болып, соның кесірінен талып қалғандығы анықталды. Анасы өзін құтқаруға көмектескен ұлын нағыз батыр деп атады. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.