{metadescription}
Еліміздің бірнеше өңірінде жолдар жабылды

Еліміздің бірнеше өңірінде жолдар жабылды

Бірқатар республикалық маңыздағы тас жолдарда автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды, бұған дейін синоптиктер дабылды ескерту жариялаған еді.

Ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар облыста тас жолдар жабылды. Сағат 17:30-дан бастап көктайғақ пен қатты желге байланысты республикалық маңыздағы "Нұр-Сұлтан – Петропавл" (Нұр-Сұлтан-Щучье, 18-231 шақырым) автожолының учаскесінде барлық көлік үшін қозғалыс тоқтатылды.

16:00-ден Ақмола облысында қар, жел және көктайғаққа байланысты республикалық маңыздағы автожолдарда көліктің барлық түрі үшін жол жабылды:

  • республикалық маңыздағы "Жезқазған-Петропавл" тас жолы (377-595 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы – СҚО шекарасы);
  • "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" (232-260 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы – Сұрған кенті);
  • "Жақсы-Есіл-Бұзылық" (0-82 шақырымы, Жақсы кенті – Бұзылық кенті);
  •  "Екатеринбург-Алматы" (856-1141 шақырымы, СҚО шекарасы – Новочеркасск ауылы).

17:00-ден Қостанай облысында бұрқасын мен жолдың нашар көрінуіне байланысты автокөліктің барлық түрі үшін "Екатеринбург-Алматы" автожолының 555-729 шақырымы, "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" (Қостанай қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) тас жолының 7-232 шақырымы жабылды.

17:00-ден Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңыздағы "Екатеринбург-Алматы" (729-856 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы – Ақмола облысының шекарасы), "Жезқазған-Петропавл" (595-701 шақырымы, Новоишимское ауылы – Ақмола облысының шекарасы) тас жолдарында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды, деп жазады sputniknews.kz.

18:00-ден Шығыс Қазақстан облысында жабысқақ қарға байланысты республикалық маңыздағы автожолдарда жолаушылар көлігі үшін қозғалыс шектелді:

  • "Өскемен – Риддер – РФ шекарасы" (15-105 шақырымы, Белоусовка ауылы –Риддер қаласы);
  • "Өскемен – Алтай–Қатонқарағай – Рахман қайнары" (6-166 шақырымы, Ушанов ауылы – Алтай);
  • "Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" (15-102 шақырымы, Глубокое кенті – Шемонаиха қаласы).

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде