{metadescription}
Аружан Жазылбекова АҚШ-та «Ең үздік актриса» атанды

Аружан Жазылбекова АҚШ-та «Ең үздік актриса» атанды

Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова АҚШ-та өткен кинофестивальде үздік әйел рөлі үшін марапатқа ие болды.

Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова Лос-Анджелесте өткен кинофестивальде «Композитор» фильміндегі рөлі үшін «Үздік әйел рөлі» номинациясында жүлделі болды.  Бұл туралы актрисаның өзі Instagram парақшасында хабарлады.

«Golden Screen Award for Best leading actress! So happy and grateful! «Композитор» фильміндегі рөл үшін Golden Screen марапаты! Ұйықтай да, тамақ іше алмай да отырмын! Өйткені, мен бақыттымын және ризамын. «Қазақфильм» мен түсірілім тобымызға рахмет!  Серіктестерім Дильназ Нұрсейітке, Берік Айтжановқа, Алтынай Нөгербекке және Ху Джунға рахмет!», - деп жазды ол.

Сәбит Құрманбеков пен Шерзат Якуб режиссерлік еткен биографиялық фильм Қытай композиторы Сянь Синхайдың өмірі туралы түсірілген. Туындада композитордың КСРО-да болған жылдары, қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен танысуы мен достығы көрініс тапқан. Фильмде Аружан Жазылбекова басты рөлдердің бірін сомдады. Ол Бақытжан Байқадамовтың қарындасы Данашты сомдаған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.