{metadescription}
Павлодарда түнде баласын жалғыз қамап, кафеге кеткен ананың үстінен іс қозғалды

Павлодарда түнде баласын жалғыз қамап, кафеге кеткен ананың үстінен іс қозғалды

Павлодарда бір әйел баласы түнде ұйықтап жатқан кезде, үйді кілттеп, кафеге көңіл көтеруге кетіп қалған.

Түнгі сағат 02:39 шамасында Павлодар қаласының полиция бөліміне Қамзин көшесінде орналасқан пәтерлерінде бірінде жылаған баланың даусы шығып жатқандығы туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері баланың пәтерде жалғыз екенін анықтады. Полиция құтқарушыларды шақырып, баламен сөйлесіп, оны тыныштандыруға тырысты. Баланы жалғыз қалдырмас үшін әрі қарау оның заңды өкілдерін анықтау үшін полиция оны алып кетті, делінген хабарламада.

2015 жылы дүниеге келген бүлдіршін полиция бөлімшесіне жеткізілген. Түнгі сағат 04:00 шамасында кәмелетке толмаған баланың анасы Павлодар қаласының Солтүстік полиция бөліміне келеді. Ол 11 қараша күні түнгі 00.30 шамасында баласының ұйықтап жатқанын пайдаланып, кафеге демалуға барғанын айтты. Үйге сағат 03.00-де оралғанда көршілері оған баласының полиция алып кеткенін айтқан.

Медициналық тексерістің нәтижелеріне орай әйел мас болыпты. Осы факті бойынша түнде баласын үйде жалғыз қалдырған әйелге қатысты ҚР Әкімшілік процесуальдық кодексінің 127-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде