Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әлемдегі ең кәрі жұп жұртты сүйсіндірді
Техаста 106 және 105 жастағы ерлі-зайыпты ресми түрде әлемдегі ең кәрі жұп атанды.
13:40 12.11.2019
Биыл олар заңды түрде некелескендерінің 80 жылдығын атап өтпек. Джон мен Шарлотта Хендерсон – әлемдегі ең кәрі жұп. 100-ден асқан қариялардың жас айырмашылығы бір жыл ғана. Сондай-ақ, Джон Хендерсон - Техас университетіндегі тірі қалған ең кәрі футболшы. Жалпы жасы 211 болатын бұл жұп Гиннесс рекордтар кітабына кірді.
Қос ғашық Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, 1939 жылы көңіл жарастырған. Ол заманнан бері көп нәрсе өзгерді. Алайда жұп мұның барлығына төтеп бере білді.
«Сүйіктіңізге әрдайым кешірімді және мейірімді болыңыз», - деп бақытты некенің құпиясын бөлісті Джон.
Олар 1934 жылы Техас университетінде білім алып жүріп танысқан. Джон бұл кезде футбол командасының қақпашысы болса, Шарлотта ұстаз болу үшін дайындалып жүрген. Бүгінде Джон кемінде жылына бір рет футбол ойынын көруге барады. Сондай-ақ, ол әлі күнге дейін жаттығады.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram