{metadescription}
Нұр-Сұлтанда трактор автобуспен соқтығысты

Нұр-Сұлтанда трактор автобуспен соқтығысты

Трактор жүргізушісі қарсы беттегі көлікке жол бермей, жолаушылар автобусымен соқтығысқан, бес адам зардап шеккен.

Елордада Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында жол апаты болды.

"Трактор жүргізушісі солға бұрылып жатып, қарама-қарсы беттегі көлікке жол бермеген. Салдарынан №40 жолаушылар автобусына соғылды", - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан бес адам зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілді. Полицейлер анықтау жұмысын жүргізіп жатыр, делінген хабарламада.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.