Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбе облыстық драма театрына жаңа басшы келді
Ақтөбе облысында актер Олжас Ибраев Тахауи Ахтанов атындағы драма тетрының директоры міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды.
16:08 12.11.2019
Ұжымға жаңа басшыны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттар басқармасының басшысы Нұрхан Қадырбаев таныстырды. Белгілісі, театрдың жаңа басшысы 1990 жылы 2 шілдеде Ақтөбе облысының Хромтау қаласында дүниеге келген.
Олжас Ибраев 2010 жылы Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжін тәмамдаған. Арада 5 жыл өткеннен кейін "Шабыт" қазақ ұлттық университетінің «драма театры және кино актері»мамандығына оқуға түскен. Еңбек жолын "Хабар" телеарнасында бағдарлама тележүргізушісі болып бастады. "Астана Мюзикл" мемлекеттік театрының труппа меңгерушісі, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында бөлім басшысы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ұлттық өнер факультетінің деканы болып қызмет атқарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram