{metadescription}
0:000:00

Алматыда жанармай бекеті өртенді

Алматы қалалық ТЖД хабарлауынша, «Петрол Азия» жанармай бекетінде өрт шыққан.

Бүгін сағат 10:16-да Алматы қалалық ТЖД орталық диспетчер бөліміне Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылы, 103 «ж» мекенжайында жанар-жағармай құю бекеті жанып жатыр деген хабарлама келіп түсті.

«Оқиға орына келген өрт сөндірушілер жалпы ауданы 110 шаршы метрді құрайтын қызмет көрсету стансасының жанып жатқанын көрген. Бірден өшіруге кірісті. Өрт сағат 10:32-де оқшауланды. Сағат 10:56-да толық сөндірілді. Қазіргі уақытта оқиға орнында 43 қызметкер және 11 техника жұмыс істеуде», - дейді Алматы қалалық ТЖД бастығының орынбасары Арман Байгелов.

.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.