{metadescription}
Елордада күйеуі әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірген

Елордада күйеуі әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірген

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елорда тұрғынына қатысты қылмыстық  істі қарады.

Ер адамға қатысты іс қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Ол адамды қасақана өлтірді деп айыпталған. Іс материалдарына сәйкес, ер адам мас күйінде әйелін пышақтап тастаған. Салдарынан әйел көз жұмды. Оның мұндай әрекетіне қызғаныш себеп болған. 

«Сот Н.-ны адам өлтіргені үшін (ҚР ҚК-нің 99 б. 1 б.) кінәлі деп танып, ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Ол қауіпсіздігі төмен мекемеде жазасын өтейтін болады. Үкімге апеляциялық шағым беріліп, өзгеріссіз қалдырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.