Кеңеске депутат Джокер бетпердесін киіп келді
Украинада «Оппозициялық платфаорманың» халық депутаты Илья Кива Жоғарғы Рада кеңесіне танымал Джокер фильм кейіпкерінің бетпердесін киіп келген.
13:57 13.11.2019
Соңғы уақытта өзінің «Слуг народа» депуттарымен алмасып жүрген хаттарын жариялап жүрген пранкер де өзін Джокер деп атайды. Кейін ол бетпердесін шешіп, жақында ғана депутаттық мандат алған халық қалаулысы Сергей Рудык сөйлеп жатқанда масканы Жоғары Рада трибунасына қойды.
«Бүгінгі күні барлығымыз Джокермыз» - деп жазды Илья Кива өзінің Facebook парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, «Джокер» фильмі осы жылдың қазан айында көрермендерге жол тартқан еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!