Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Девальвация бола ма – ұлттық банк жауап берді
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев девальвацияға қатысты тарап жатқан қауесетке түсініктеме берді.
15:27 13.11.2019
Мәжіліс кулуарында журналистер ұлттық банк төрағасынан девальвация болуы мүмкін деген сыбыс тарап жатқанын, Қазақстан бұған қаншалықты дайын екенін сұрады.
"Ешқандай девальвацияға дайындық жоқ", - деп қысқа қайырды Ерболат Досаев.
Ұлттық банктің ресми сайтында теңге бағамы долларға шаққанда 388,81 теңгені көрсетіп тұр. Төл теңгеміз алғаш рет айналымға енген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілген еді. Содан бері ұлттық валюта бірнеше рет құлдырады. Алғаш рет 1999 жылдың сәуірінде құнсызданды.
Ал 2015 жылы ұлттық банк теңгені еркін айналымға жіберіп, жаңа ақша-несие саясатын бастады. Бұл жаңалықтан кейін теңгенің биржалық бағамы бір тәулікте 26%-ке түсіп, доллар 255 теңгеден сатыла бастады.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram